Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

219 15.1-сурет Амилопектиннің тармақталуы. Алты бұрыш глюкоза қалдықтары. Олар өзара α-1,41- жəне α-1,61-гликозидтік байланыстармен қосылған. Тірі жасушалар D-глюкозаны оларды энергиямен қамтамасыз ететін үрдістердің бірінші сатысында тотықтырады (18.4-бөлім). Жануарлар организмінде D-глюкоза энергия алуға қажетті мөлшерден артық болса, олар D-глюкозаның артық мөлшерін гликоген деген полимерге өзгертеді. Гликогеннің құрылысы амилопектинге ұқсас, бірақ гликогеннің тармақталған буындары көп (15.2-сурет). Гликогендегі тармақталудың көп болуының физиологиялық маңызы бар. Жануарлар энергияны қажет еткенде, глюкозаның жеке бөліктері бір уақытта басқа бөліктерінің соңынан бөлініп отырады. Өсімдіктердегі D-глюкозаның артық мөлшері крахмалға өзгеріп отырады. 15.2-сурет Амилопектин мен гликогеннің тармақталуын салыстыру амилопектин гликоген

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==