218 жүгері жəне үрме бұршақтардың негізгі құрам бөлігі. Крахмал екі түрлі полисахарид қоспасы: амилоза (20%) жəне амилопектиннен (80%) тұрады. Амилоза молекуласы өзара α-1,41-гликозидтік байланыстармен қосылған D-глюкоза қалдықтарынан құралған. Амилопектин – тармақталған полисахарид. Ол да амилоза сияқты α-1,41гликозидтік байланыстармен қосылған D-глюкоза қалдықтарынан тұрады. Амилозадан өзгешелігі амилопектинде бұл байланыспен қатар α-1,61-гликозидтік байланыстар бар. Бұл байланыстар полисахаридтердің тармақталатын бөліктерін құрайды (15.1-сурет).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==