Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

217 ГАЛАКТОЗЕМИЯ Лактоза глюкоза мен галактозаға ыдырағаннан кейін галактоза жасушада қолданылуы үшін глюкозаға ауысуы керек. Галактозаны глюкозаға ауыстыратын ферменттері жоқ адамдар галактоземия деп аталатын ауруға шалдығады. Бұл фермент болмаса галактоза қанда жинақталады. Оның нəтижесінде адамдар ақыл кемістігіне шалдығады жəне тіпті жаңа туылған сəбилердің өліміне де əкеледі. Галактоземияны емдеу үшін галактозаны тамақ рационынан алып тастайды. Біршама көп таралған дисахарид сахароза асханалық қант деген атпен белгілі. Оны қант қызылшасы мен қант қамысынан алады. Сахароза глюкозаның С-1 байланысы мен (α-жағдай) D-глюкоза мен D-фруктозаның С-2 байланыстары (β-жағдай) арқылы қосылған қалдықтарынан тұрады. Жыл сайын əлемде 90 млн тонна сахароза өндіріледі. Сахарозаның меншікті айналу бұрышы болады. Ол гидролизге ұшырағанда 1:1 қатынаста түзілетін глюкоза мен фруктоза қоспасының меншікті айналу бұрышы болады. Сахарозаның гидолизі нəтижесінде 1:1 қатынаста түзілетін глюкоза мен фруктоза қоспасының айналу бұрышының мəні өзгеретіндіктен, инверсиялық қант деп аталады. Сахароза гидролизін катализдейтін фермент инвертаза деп аталады. Бал араларында инвертаза ферменті бар, сондықтан олардың балы сахароза, глюкоза жəне фруктоза қоспаларынан тұрады. Себебі фруктоза сахарозадан тəтті, инверсиялы қант та сахарозадан тəтті. Кейбір тағамдар құрамында сахарозаның орнына фруктоза бар деп жарнамаланады, бұл қажетті қант деңгейінің мөлшерін төменгі калориялы қантпен толтыруға болады дегенді білдіреді. 15.14 ПОЛИСАХАРИДТЕР Полисахаридтер гликозидтік байланыстар арқылы қосылған он жəне бірнеше мыңдаған моносахаридтердің қалдықтарынан тұрады. Кең таралған полисахаридтерге крахмал мен целлюлоза жатады. Крахмал ұн, картоп, күріш, бұршақ, 3Dмолекула: сахароза

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==