Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

216 Лактоза сүттің құрамында кездесетін дисахарид. Ол сиыр сүтінің 4,5% жəне ана сүтінің 6,5% құрайды. Лактозаның бір бөлігі D-галактозадан, ал екінші бөлігі D-глюкозадан тұрады. D-галактоза ацетальді жəне Dглюкоза жартылай ацетальді бөлігі. Бұл екі моносахарид қалдықтары өзара β-1,4-гликозидтік байланыс арқылы қосылған. ЛАКТОЗАНЫҢ ҚОРЫТЫЛМАУЫ Лактаза лактозаның β-1,4-гликозидтік байланысын бұзатын фермент. Мысықтар мен иттер есейгенде ішектегі лактаза ферменті жойылады; яғни олар өздерінің лактозаны қорыту қабілетін жояды. Оларды сүтпен немесе сүт өнімдерімен қоректендіргенде лактоза қорытылмайды да, іш кебуі, іші ауыруы жəне іші өтуі сияқты ас қорытуда қиындықтар пайда болады. Мұндай жағдайлар моносахаридтер қан айналымына өткенде пайда болады. Себебі лактоза қорытылмаған күйінде тоқ ішекке түсуі керек. Адамдарда асқазаны немесе іші ауырғанда олар уақытша лактазаны жоғалтады да, лактоза қорытылмайды. Кейбір адамдардың жасы ұлғайған сайын лактаза жойылады. Лактазаның қорытылмауы сүт өнімдерін өндірмейтін елдердегі адамдарда жиі байқалады. Мысалы, даттықтарда 90% қытайлықтар мен 97% тайлықтармен салыстырғанда лактозаның тек 3% ғана қорытылмайды. Сондықтан да қытайлықтардың тағам түрлерінен сіздер сүт өнімдерін кездестірмейсіздер. 3D молекула: мальтоза; целлобиоза; лактоза

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==