Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

215 15.13 ДИСАХАРИДТЕР Егер моносахаридтердің ацеталінің жартылай ацетальді тобы екінші моносахаридтің спирттік тобымен реакциясынан түзілетін гликозид дисахарид болады. Дисахаридтер өзара гликозидтік байланыспен қосылған екі моносахаридтен құралған қосылыстар. Мысалы, мальтоза – крахмал гидролизі нəтижесінде түзілетін дисахарид. Ол өзара байланысқан екі D-глюкоза қалдығынан тұрады. Бұл гликозидтік байланыс бірінші моносахаридтің С-1 байланысы мен екінші моносахаридтің С-4 байланысы арқылы қосылғандықтан 1,4-гликозидтік байланыс деп аталады жəне аномерлі көміртегімен байланысқан оттегі α-жағдайда орналасады. «Негізгі» индекс С-4-тің С-1 сияқты сол сақинада орналаспайтындығын көрсетеді. α-Жағдайдың аксиалды жəне β-жағдай экваториалды орналасуы кресло конформацияда болатындығын есте сақтаңыздар. Мальтоза құрылымы ацеталь емес аномерлі көміртегінің конфигурациясын анықтамайтындығын атап өтейік (аномерлі көміртегі толқынды сызығы бар оң жақтағы бөлігі). Өйткені мальтоза α- жəне β-формада болады. α-Мальтозадағы аномерлі көміртегімен байланысқан ОН тобы аксиалды, ал β-мальтозада экваториалды орналасқан. Целлобиоза целлюлоза гидролизінің нəтижесінде алынатын екі D-глюкоза қалдығынан тұратын дисахарид. Целлобиоза мальтозадан өзара β-1,4-гликозидтік байланыспен қосылған глюкоза қалдықтарымен өзгешеленеді. Мальтоза сияқты целлобиоза да α жəне β-формада болады, себебі аномерлі көміртегімен байланысқан ОН тобы ацеталь түзуге қатыспайды жəне аксиалды (α-целлобиоза) немесе экваториалды жағдайда (β-целлобиоза) орналасады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==