Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

212 (галактоза глюкозаға С-4 эпимері) жəне С-1-дегі (αаномер) ОН тобынан басқа барлық ОН топтарын экваториалды орналастырасыздар. Сіздер бұл екі ОН топтарын аксиалды орналастырасыздар.  14-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Келесі қосылыстардың қайсысындағы ОН тобы аксиалды орналасқан ? а. β-D-маннопираноза ə. β-D-идопираноза б. β-D-аллопираноза 14а-шешімі β-D-глюкозадағы барлық ОН топтары экваториалды орналасқан. β-Dманноза β-D-глюкозаға С-2 эпимер, тек β-D-маннозадағы С-2 ОН тобы аксиалды орналасқан. 15.11 ГЛИКОЗИДТЕРДІҢ ТҮЗІЛУІ Жартылай ацетальдар (немесе жартылай кеталь) спирттермен əрекеттесіп ацеталь (немесе кеталь) түзеді (12.9-бөлім), моносахаридтерден түзілетін сақиналы жартылай ацетальдар да (немесе жартылай кеталь) спирттермен əрекеттесіп ацеталь (немесе кеталь) түзеді. Қанттардың ацеталі немесе кеталі гликозид деп аталады, ал аномерлі көміртегі мен алкоксилді оттегі арасындағы байланыс гликозидтік байланыс деп аталады. Гликозидтер көмірсулардың атауының соңындағы «а» əріпі «ид» жалғауына ауыстырылып аталады. Осылайша, глюкоза гликозиді глюкозид, галактоза гликозиді галактозид жəне т.б. аталады. Егер пираноза немесе фураноза атаулары қолданылса ацеталь (немесе кеталь) пиранозид немесе фуранозид деп аталады. 3D молекула: α-D-галактоза; β-D-гулоза; β-L-гулоза

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==