211 Кресло конформация не себепті сулы ерітіндіде β-D-глюкоза α-D-глюкозаға қарағанда көп болатындығын көрсетеді. Аномерлі көміртегімен байланысқан ОН тобы β-D-глюкозада экваториалды жағдайда, ал α-D-глюкозада аксиалды жағдайда орналасады. Сондықтан сулы ерітіндіде тепе-теңдік орнағанда β-D-глюкоза α-D-глюкозаға қарағанда біршама тұрақты болады. Егер D-глюкозаның барлық ОН топтары экваториалдық жағдайда болатындығы естеріңізде болса, сіздер басқа пиранозаны кресло конформацияда сыза аласыздар. Мысалы, егер α-D-галактозаны сызғыларыңыз келсе, ондағы С-4 α-Жағдайда орынбасарлар жазықтықта төмен қарай орналасады жəне аксиалды кресло конформацияда болады. β-жағдайда орынбасарлар жазықтықта жоғары қарай орналасады жəне экваториалдық кресло конформацияда болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==