Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

209 α-D-глюкоза β-D-рибоза α-D-глюкопираноза β-D-рибофураноза Кетоздар да ерітіндіде көбінесе сақиналы формада кездеседі. Мысалы, Dфруктоза С-5-тегі ОН тобының кетонның карбонил тобымен əрекеттесуінен бес мүшелі сақиналы жартылайкеталь түзеді (12.9-бөлім). Егер жаңа асимметриялық орталықпен (С-2) байланысқан ОН тобы жартылай кеталь жазықтығының төменгі жағында орналасса, α-D-фруктоза; егер ОН тобы жартылай кеталь жазықтығының жағында орналасса, β-D-фруктоза деп аталады. Жазық формада көрсету ыңғайлы, себебі олар сақинадағы ОН топтарының цис- немесе транс- конфигурациясын анық көрсетеді. Бес мүшелі сақиналар фураноза планарлық құрылымдармен дəл көрсетілгендей жазық болады. Бірақ та жазық құрылымдар пиранозалық құрылымға жарамайды, себебі алты мүшелі сақиналар жазық емес, олар көп мөлшерде кресло конформацияда кездеседі (3.10-бөлім).  13-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ 4-Гидроксиальдегидтер мен 5-гидроксиальдегидтер көбінесе сақиналы жартылай ацетальді формада кездеседі. Келесі қосылыстардан түзілетін сақиналы жартылай ацетальді құрылымдарды жазыңыздар: а. 4-гидроксибутаналь ə. 5-гидроксибутаналь 3D молекула: α-D-глюкопираноза; β-D-глюкопираноза;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==