Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

20 ацетил хлорид метилацетат Енді 5-жаттығуға ауысайық.  5-ЖАТТЫҒУ а. HCІ рКа мəні -7; H2O рКа мəні 15,7. Ацетил хлоридтің НО- пен реакциясынан қандай өнім түзіледі? ə. NH3 рКа мəні 36; Н2О рКа мəні 15,7. Ацетамидтің НО- пен реакциясынан қандай өнім түзіледі? 11.6 КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ МЕН КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ РЕАКЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІ Біз нуклеофилді ацилдеу реакциясының: аралық тетраэдрлік өнімнің түзілуі мен оның үзілуі арқылы жүретін екі сатысын көрдік. Ацил тобына қосылатын негіз əлсіз болса, реакцияның екі сатысы да жүреді. Басқаша сөзбен айтқанда, карбон қышқылы туындыларының реакциялық қабілеттіліктері ацил тобына қосылған орынбасардың негізділігіне байланысты: Орынбасардың негізділігі неғұрлым төмен болса карбон қышқылдары туындыларының реакциялық қабілеттіліктері жоғары болады. (Бірінші класс қосылыстарынан бөлінетін топтары бар карбонилді қосылыстардың қосарланған карбон қышқылдарының рКа мəні 11.1-кестеде көрсетілген). бөлінетін топтың салыстырмалы негізділігі карбон қышқылы туындыларының салыстырмалы негізділігі Негіз əлсіз болса, кететін топ жеңіл бөлінеді Салыстырмалы реакциялық қабілеттілігі: хлорангидрид > эфир ~ карбон қышқылы > амид

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==