206 ГЛЮКОЗА / ДЕКСТРОЗА Андре Дюма алғаш рет глюкоза терминін 1838 жылы бал мен жүзімнен алынатын тəтті дəмді қосылысты атауда қолданған. Кейін Кекуле (7.1-бөлім) ол оңға бұратын қосылыс болғандықтан декстроза деп аталуы керек деген. Фишер қанттарды зерттеген кезде оны глюкоза деп атайды жəне əлі күнге дейін кейбір этикеткаларда декстроза деп жазылса да химиктер сол кезден бастап глюкоза деп атайды. Жан-Батист-Андре Дюма (1800-1884), Францияда дүниеге келген, дəріханашының шəкірті болған, бұл қызметін кейін тастап, Щвейцарияда химиядан білім алады. Ол Париж Университетінде Де Франс колледжінде химия профессоры болады жəне зертханалық курстарды оқытқан алғашқы француз химигі. 1848 жылы Дюма ғылымды тастап саяси карьераға ауысады. Ол француз монеталық дворының мастері, сенатор жəне Париж қаласының мэрі болған. 15.9 МОНОСАХАРИДТЕРДІҢ САҚИНАЛЫ ЖАРТЫЛАЙ АЦЕТАЛЬДАР ТҮЗУІ D-глюкоза үш түрлі формада болады: біз талдаған ашық тізбекті форма (15.1кесте) мен сақиналы екі α-D-глюкоза жəне β-D-глюкоза формалар. Біз сақиналы екі форманың əр түрлі болатындығын білеміз, себебі олардың балқу температуралары мен айналу бұрыштары əр түрлі (6.8-бөлім). D-глюкоза сақиналы формада қалай болады? Біз 12.9-бөлімде альдегидтер спирттердің эквивалентті мөлшерімен əрекеттесіп жартылай ацетальдар түзетіндігін көрдік. D-глюкоза сияқты моносахаридтерде бір альдегидті топ жəне бірнеше гидроксил топтары бар. Глюкозаның С-5 атомындағы гидроксил тобы альдегидтік топпен əрекеттесіп, нəтижесінде жартылай ацетальді сақиналы екі форма (алты мүшелі сақина) түзіледі. Альдегид тобын шабуылдау үшін ОН тобының С-5 атомының оң жағында дұрыс орналасқанын көру үшін біз D-глюкозаның Фишер проекциясын жазық сақиналы құрылымға ауыстыруымыз керек. Бұлай жасау үшін біріншілік спирттік топ сол жақтағы көміртегінен жоғары жағында болуы керек. Фишер проекциясыӨ М І Р Б А Я Н Эмиль Фишер (1852-1919) Германияда Кельн қаласының маңындағы ауылда дүниеге келген. Ол алдыңғы қатарлы саудагер болған жəне жанұялық бизнесті жалғастыруын қалаған өз əкесінің еркінен тыс химик болады. Фишер Эрлангена, Вюрцбург жəне Берлин университеттерінде химия профессоры болады жəне 1902 жылы көмірсуларды зерттеу жұмыстары үшін Нобель сыйлығын иеленеді. Ол бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Неміс химия өндірісін ұйымдастырады. Оның үш ұлының екеуі сол соғыс кезінде қайтыс болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==