Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

203 • Синтездің бірінші сатысында цианид ион карбонил тобына қосылады. Бұл реакцияда бастапқы өнімдегі карбонилді көміртегін асимметриялық орталыққа өзгертеді. (Өнімдегі ОН тобы Фишер проекциясында С-2 көміртегінің оң немесе сол жағында орналасады). Яғни түзілетін екі өнім бір-бірінен тек С-2 конфигурациясы бойынша ажыратылады. Реакция барысында асимметриялық орталықтардағы байланыс өзгермейтіндіктен олардың конфигурациясы да өзгермейді. • Палладий катализаторы қатысында C≡N байланысы бойынша имин түзіледі де имин аминге дейін тотықсызданбайды (5.12-бөлім). Екі имин де альдозға гидролизденеді (12.7-бөлім). Синтездің бірінші сатысында бастапқы қосылыстағы карбонилді көміртегі асимметриялық орталыққа өзгеретіндіктен С-2 эпимерлер жұбының түзілетіндігіне назар аударыңыздар.  12-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардан Килляни-Фишер синтезі бойынша қандай моносахаридтер түзіледі? а. D-ксилоза ə. D-триоза 15.8 ГЛЮКОЗА СТЕРЕОХИМИЯСЫ: ФИШЕР ДƏЛЕЛДЕМЕЛЕРІ 1891 жылы Эмиль Фишер (15.2 жəне 15.7бөлімдер) химия тарихындағы теңдесі жоқ талдаудың мысалы болған глюкозаның стереохимиясын анықтайды. Ол өзінің зерттеулері үшін табиғатта кең таралған моносахарид (+)-глюкозаны таңдап алады. Ө М І Р Б А Я Н Генрих Килляни (1855-1945) Германияда дүниеге келген. Мюнхен университетінде PhD атағын алып, профессор Эмиль Эрленмейерден білім алады. Килляни Фрайбург университетінде химия профессоры болады. Килляни- Фишер синтезінен С-2 эпимерлерінің жұбы түзіледі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==