Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

202  11-ЖАТТЫҒУ а. D-глюкозадан басқа азотты қышқылмен D-глюкар қышқылына дейін тотығатын альдогексозды атаңыздар. ə. D-глюкар қышқылының басқаша атауы қандай? б. Бірдей глюкар қышқылына дейін тотығатын альдогексоздар жұбын атаңыздар. ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫН АДАМДАРДЫҢ ҚАНЫНДАҒЫ ГЛЮКОЗА ДЕҢГЕЙІН ӨЛШЕУ Қандағы глюкоза гемоглобиннің NH2 тобымен əрекеттесіп имин түзіледі де (12.7-бөлім), соңынан гемоглобин АПК сияқты белгілі тұрақты аминокетонға қайта құрылады. Инсулин қандағы глюкоза деңгейін реттеу арқылы гемоглобин-АПК мөлшерін реттейтін гормон. Диабет ағзаға қажетті мөлшердегі инсулин бөлінбейтін күй. Себебі диабетпен ауыратын адамдарда сау адамдармен салыстырғанда қандағы глюкоза мөлшері мен гемоглобин-АПК мөлшері де көп болады. Осылайша, гемоглобин-АПК деңгейін өлшеу арқылы диабетпен ауыратын адамдардағы глюкоза деңгейін бақылауға болады. Диабетпен ауыратын адамдардағы катаракта ауыруы глюкозаның көз қарашығындағы белоктың NH2-тобымен реакциясының нəтижесінде пайда болады. Кейбір адамдар үлкен адамдардағы артериалдық қысым белоктың NH2-тобымен реакциясына ұқсас таралған деп ойлайды. 15.7 ТІЗБЕКТІҢ ҰЗАРУЫ: КИЛЛЯНИ-ФИШЕР СИНТЕЗІ Альдоздардың көміртегі тізбегі Килляни-Фишер синтезі арқылы бір көміртегі атомына артады. Басқаша айтқанда, тетроздар пентоздарға, ал пентоздар гексоздарға өзгереді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==