Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

201  8-ЖАТТЫҒУ Тотықсыздану өнімдерін көрсетіңіздер. а. D-идоза ə. D-сорбоза  9-ЖАТТЫҒУ D-галактозадан басқа қандай көмірсулар альдит түзеді?  10-ЖАТТЫҒУ Қандай моносахаридтен екі альдит түзіледі, егер бірі D-талозадан түзілетін алдитол болса? Тотығу реакциялары Альдоздарды кетоздардан ажырату үшін қант ерітіндісіне бром суын қосқанда түсі өзгереді. Br2 жұмсақ тотықтырғыш жəне альдегид тобын жеңіл тотықтырады, бірақ кетондар мен спирттерді тотықтырмайды. Сондықтан Br2 суының аздаған мөлшерін белгісіз моносахарид ерітіндісіне қосса, оның қызғылт қоңыр түсі альдоза болса жойылады. Себебі Br2 тотықсызданып түссізденеді. Ал егер қызғылт қоңыр түсі сақталса, онда моносахаридтің кетоз екендігін білдіреді. Егер тотықтырғыш Br2-ден күшті болса (мысалы, HNO3), біріншілік спирттер де тотығады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==