197 D-Глюкоза, L-манноза, D-галактозалар биологиялық жүйелерде көп таралған альдогексоздар. Олардың құрылысын анықтаудың қарапайым жолы D-глюкозаның құрылысын есте сақтау, содан кейін Dгалактоза мен D-глюкозаның С-2 эпимерлері екенін ұмытпау керек. 3-ЖАТТЫҒУ а. Қандай көмірсу D-ксилозаға С-3 эпимері болады? ə. Қандай көмірсу D-аллозаға С-5 эпимері болады? 15.4 КЕТОЗДАРДЫҢ КОНФИГУРАЦИЯСЫ Табиғи кетоздардың құрамында екінші орында карбонил тобы болады. Табиғи кетоздардың конфигурациясы 15.2-кестеде берілген. Көміртегінің саны бірдей альдоздарға қарағанда кетоздардың құрамында бір асимметриялық орталыққа кем болады. Осылайша, көміртегінің саны бірдей альдоздардың стереоизомерлеріне қарағанда кетоздарда осы стереоизомерлердің жартысы ғана болады. 4-ЖАТТЫҒУ Қандай көмірсу D-фруктозаға С-5 эпимері болады? 5-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардың қанша стереоизомері бар? а. 2-кетогептоз ə. альдогептоз б. кетотриоз фильм: D-альдозалар конфигурациясы D- манноза мен Dглюкоза С-2- эпимерлері D-галактоза мен Dглюкоза С-4 эпимерлері
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==