196 Альдопентоздарда үш асимметриялық орталық бар, сондықтан олардың сегіз стереоизомерлері (энантиомерлердің төрт жұбы); альдогексоздарда төрт асимметриялық орталығы жəне 16 стереоизомерлері (энантиомерлердің сегіз жұбы) бар. Төрт D-альдопентоз жəне сегіз D-альдогексоздар 15.1-кестеде берілген. 15.1-кесте. D-альдоздардың конфигурациясы Бір асимметриялық орталықтары бойынша өзгешеленетін диастереомерлер эпимерлер деп аталады. Мысалы, D- рибоза мен D- арабиноза С-2 эпимерлері, себебі олардың конфигурациясы тек С-2 көміртегі бойынша өзгешеленеді; L-идоза мен L-талоза С-3 эпимерлері. D-эритроза L-эритроза D-триоза L-триоза D-глицерин альдегиді D-триоза D-эритроза D-рибоза D-арабиноза D-ксилоза D-ликоза -аллоза D-альтроза D-глюкоза D-манноза D-гулоза D-идоза D-галактоза D-талоза
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==