Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

194 конфигурацияда болады. Егер ең кіші орынбасар горизонтальді байланыста (көлденең) болса, сіздер дəл осы жерден меңзердің сағат тіліне қарсы бағыттағы S конфигурациясына керісінше R конфигурацияда болатынына жауап аласыздар. D жəне L белгілері көмірсулардың конфигурациясын көрсету үшін қолданылады. Моносахаридтердің Фишер проекциясында карбонил тобы үнемі жоғарғы жақта (альдоз болса) немесе екінші жақын орында (кетоз болса) орналасады. Галоктозаның Фишер проекциясы төменде қарастырылған жəне қосылыстың құрамында төрт асимметриялық орталық болатындығы C-2, C-3, С-4 жəне С-5). көрсетілген. Егер ОН тобы асимметриялығы жоғары орталықтың (төменнен санағанда екінші көміртегі) оң жағында болса, онда ол D-қантқа жатады. Егер ОН тобы сол жағында болса, онда ол L-қантқа жатады. Табиғатта кездесетін қанттардың басым көпшілігі L-қантқа жатады. D-қанттың айнадағы көрінісі L-қант болатындығына назар аударыңыздар.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==