Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

193 бес көміртекті моносахарид пентоз, ал алты жəне жеті көміртекті моносахарид гексоз жəне гептоз деп аталады. Осылайша, D-глюкоза сияқты алты көміртекті полигидрокси альдегид альдогексоз, ал D-фруктоза сияқты алты көміртекті полигидрокси кетон кетогексоз деп аталады.  1-ЖАТТЫҒУ Келесі берілген моносахаридтерді жіктеңіздер: 15.2 D ЖƏНЕ L ҚАТАР Атауы «оза» жалғауына аяқталмайтын ең кіші альдоз глицерин альдегиді альдотриоз. Глицерин альдегидінің асимметриялық орталығы болғандықтан, ол энантиомерлер жұбы түрінде кездеседі. Біз төмендегі сол жақта орналасқан изомердің R конфигурациялы екендігін білеміз. Себебі, меңзерлер ең үлкен орынбасардан (ОН) келесі орынбасарға (СН=О) қарай сағат тілімен (6.6-бөлім). Фишер проекциясындағы конфигурацияны анықтау үшін үлкен орынбасардан меңзермен келесі орынбасарға қарай көрсеткеннен кейін біз ең кіші орынбасарға қарауымыз керек. Егер ең кіші орынбасар сағат тілімен бағыттағы меңзермен көрсетілгенде вертикальді (тік) байланыста болса, R жəне сағат тіліне қарсы бағыттағы меңзер болса S D-рибоза D-гептулоза D-манноза

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==