192 Табиғатта көп таралған көмірсу – D-глюкоза. Жануарлар D-глюкозаны тағамнан, мысалы өсімдіктерден алады. Глюкоза өсімдіктерде фотосинтез процесінде түзіледі. Фотосинтез процесі кезінде өсімдіктер тамыры арқылы келген су мен ауадағы көмір қышқыл газынан D-глюкоза жəне оттегін синтездейді. Себебі, фотосинтез организмдерде энергия алуда қолданылатын, əсіресе фотосинтез процесін жүзеге асыру үшін D-глюкоза көмір қышқылы мен суға дейін тотығатын кері процесс. Өсімдік фотосинтез процесіне қажетті энергияны жасыл өсімдік хлорофилдерінің жарық сəулесін сіңірген кезде алады. Фотосинтезге қажетті СО2 газын жануарлар оттегімен дем алғанда бөліп шығарады. Атмосферадағы барлық оттегі фотосинтез процесінің нəтижесінде бөлінеді. 15.1 КӨМІРСУЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ Көмірсу, сахарид, қант терминдері синоним ретінде қолданылады. «Сахарид» термині ертеректегі «сахар-қант» сөзінен (sarkara санскритше, sakcharon грекше жəне сахар латынша) шыққан. Көмірсулар екі класқа жіктеледі: жай көмірсулар жəне күрделі көмірсулар. Жай көмірсуларға моносахаридтер (жеке қанттар), ал күрделі көмірсуларға екі жəне одан да көп моносахаридтерден тұратын көмірсулар жатады. Дисахаридтер өзара байланысқан екі моносахаридтен, олигосахаридтер 3-10 моносахаридтен (олигонуклеотидтер грек тілінде – бірнеше), полисахаридтер 10-нан көп моносахаридтерден тұрады. Дисахарид, олигосахарид жəне полисахаридтер гидролизденіп моносахаридтер түзеді. D-глюкоза сияқты моносахаридтер полигидрокси альдегид, ал D-фруктоза полигидрокси кетонға жатады. Полигидроксилді альдегидтер альдоз («аль» альдегидтер; «оза» кетондар жалғауы), полигидроксилді кетондар кетоздар деп аталады. Моносахаридтер құрамындағы көміртегі атомының санына байланысты бөлінеді: үш көміртекті моносахарид триоз, төрт көміртекті моносахарид тетроз, D-глюкоза тотығу фотосинтез энергия 3D молекула: D-глюкоза; D-фруктоза
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==