Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

191 Біз қарастыратын биоорганикалық қосылыстардың бірінші тобы биологиялық жүйелерде көп таралған жердің биомассасының құрғақ салмағының 50% құрайтын қосылыстар – көмірсулар. Көмірсулар тірі ағзалардың маңызды құрам бөлігі жəне онда көптеген маңызды қызмет атқарады. Кейбіреулері жасушаның маңызды құрылымдық компоненті; енді бірі жасушаның беткі қабатындағы айқындаушы орындар. Мысалы, біздің кезкелгеніміздің өмірде пайда болуымыздың алғашқы оқиғасы ол жұмыртқаның бетіндегі көмірсулардың ұрықты танып айқындауы. Басқа көмірсулар метаболиттік энергия көзі болып табылады. Өсімдік жапырақтары, жемістері, сабақтары мен тамырларында көмірсулар болады. Оны өсімдіктер өзінің метаболиттік қажеттіліктеріне жұмсайды, бірақ кейбір көмірсулар жануарлар өсімдікпен қоректенгенде, олардың организміндегі метаболиттік қажеттіліктеріне жұмсалады. D-глюкоза сияқты көмірсулар полигидроксиальдегидтерге, ал D-фруктоза полигидроксикетондарға жатады, ал сахароза полигидроксиальдегидтер мен полигидроксикетондардың əрекеттесуінен түзіледі (15.13-бөлім). Көмірсулардың химиялық құрылысы Фишердің проекциялық формуласы бойынша немесе сүйір жəне сызықты құрылымдармен көрсетіледі. Фишер проекциясыдағы екі перпендикулляр сызықтың қиылысқан нүктесі симметриялық орталық болады. Қағаз жазықтығынан шығып горизонтальді сызық бақылаушыға қарай бағытталғанына байланысты жəне вертикалді сызық бақылаушыға қарағанда қағаз жазықтығының артқы жағында болатын байланысты көрсетеді. D-глюкоза D-фруктоза

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==