190 КӨМІРСУЛАРДЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯСЫ Биоорганикалық қосылыстар дегеніміз – биологиялық жүйелерден табылған органикалық қосылыстар. Олардың құрылысы өте күрделі болса да, олардың реакциялық қабілеттіліктері біз бұрын қарастырған қарапайым органикалық молекулалардың реакциялық қабілеттіліктері сияқты принциппен қарастырылады. Зертханадағы химиктердің жүргізетін көптеген органикалық реакциялары табиғатта тірі жасушалардың ішінде де жүреді. Басқаша айтқанда биоорганикалық реакцияларды жасуша деп аталатын өте кішкентай құтыдағы органикалық реакциялар деп қарастырса да болады. Биоорганикалық қосылыстардың көпшілігінің құрылысы біздер көріп жүрген органикалық қосылыстардың құрылысына қарағанда күрделі болады. Бірақ сіздер бұдан химиялық қосылыстардың құрылысы қиын болу керек деп ойламаңыздар. Биоорганикалық қосылыстардың құрылысының күрделі болуының басты себептерінің бірі, биоорганикалық қосылыстар бір-бірінен өзгешеленетіндей болуы керек. Осыған байланысты олардың молекулалық құрылысындағы көп бөлігінің қызметі молекулалық айқындаушы деп аталады. 15-ТАРАУ
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==