Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

18 тетраэдрлік аралық өнім Y- немесе Z- аралық тетраэдрлік өнімнен бөлінуі олардың салыстырмалы негізділігіне байланысты. Негіз неғұрлым əлсіз болса, бұл біз 9.3-бөлімде қарастырған: негіз əлсіз болса, кететін топ ретінде жеңіл бөлінеді деген қағидаға мысал бола алады. Себебі, негіздер электрондарымен бөліспейді. Сондай-ақ күшті негіз əлсіз негізге айналуы мүмкін. Ал əлсіз негіздердегі байланыс та əлсіз болады. Егер Y- тобы Z- салыстырғанда біршама əлсіз болса, онда Z реакциядан жеңіл бөлінеді жəне реакцияны келесідей жазуға болады: Бұл жағдайда жаңа өнім түзілмейді. Нуклеофил карбонилді көміртегін шабуылдайды, бірақ тетраэдрлік аралық өнім нуклеофилді бөліп реагентке ауыстырады. Екінші жағынан егер Y- тобы Z- салыстырғанда əлсіз негіз болса, Y- бөлініп жаңа өнім түзіледі. Егер sp3 көміртегі электр терісті атоммен байланысқан қосылыстар құрамындағы sp3 көміртегі атомы оттегімен байланысса тұрақсыз болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==