Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

177 Химиялық эквивалентті протондардың əр жиынтығынан ЯМР 1Н спектрінде қосылыстағы əр түрлі протондар санын көрсететін сигналдар пайда болады. Химиялық ығысу эталонды ТМС сигналынан басталатын арақашықтықтың өлшемі. Магниттік өріс протонды қаншалықты көп қабылдаса, сигналдың жиілігі де соғұрлым жоғары болады. Протон болатын ортаның электрондық тығыздығы протонды сыртқы магнит өрісінен қорғайды. Осылайша, электронға қанық ортадағы протон электрон акцепторлы топтың жанындағы протонға қарағанда біршама төменгі жиіліктегі сигналды береді. Төменгі жиілікті сигналдардың (күшті өріс) мəні (м.ү.) аз болады; жоғарғы жиілікті (əлсіз өріс) сигналдардың мəні де үлкен болады. Соныменен сигналдың орны сигналға жəне көрші орынбасар түріне жауапты протон типін көрсетеді. Интегралдық аудан бізге əр сигналға жауапты протондардың салыстырмалы санын береді. Сигналдардың мультиплеттілігі (сигналдағы шыңдар саны) көрші көміртегімен байланысқан протондар санын көрсетеді. Протондардың бірігуі N+1 ережесімен сипатталады, N – көрші көміртегімен байланысқан эквивалентті протондар саны. Байланыс константасы (J) дегеніміз ЯМР спектріндегі бөлінген көрші сигнал шыңдары арасындағы арақашықтық. Байланысқан протондардың байланыс константалары да бірдей болады. ЯМР 13С спектріндегі сигналдар саны қосылыстың құрамында қанша көміртегі атомының бар екендігін көрсетеді. Электронға қанық ортадағы көміртегі төменгі жиілікті сигналдарды береді; электрон акцепторлы топтарға жақын көміртегі атомдары жоғары жиілікті сигналдарды береді. Егер спектрометр протондық байланыс режимінде жұмыс жасамаса ЯМР 13С спектріндегі сигналдар тікелей қосылған протондармен бөлінбейді. ЖАТТЫҒУЛАР 41. Келесі қосылыстар жұбы үшін оларды бір-бірінен ажырататын ИҚ спектріндегі бір жұтылу жолағын анықтаңыздар: а. б. ə. в. CH3CH2CH2OH жəне CH3CH2OCH3 42. Келесі қосылыстардың қайсысының масс-спектрінде m/z=57 жəне m/z=71 интенсивті шыңдары бар? а. 3-метилпентан ə. 2-метилпентан 43. 14.38 жəне 14.39-суреттерде берілген əр ИҚ спектрлерінде төрт қосылыстың мəліметтері берілген. Төрт қосылыстың қайсысына қандай спектр жауап береді? а. жəне жəне жəне

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==