Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

175 МАГНИТТІ РЕЗОНАНСТЫҚ ТОМОГРАФИЯ ЯМР əдісі медициналық диагностикадағы маңызды аспаптардың бірі болды. Өйткені ол дəрігерлерге инвазиндік хирургия немесе ионданатын зиянды рентген сəулеленусіз ішкі органдар мен құрылымдарды зерттеуге мүмкіндік береді. ЯМР алғаш рет 1981 жылы клиникалық тəжірибеге енгізілген, атын таңдау кейбір дебаттарда дау туғызған. Себебі көптеген ғылыми емес түсініктерде «ядролық» сөзі зиянды радиация (радиактивтілік) деп қабылданады. Сондықтан «Я» сөзі ЯМР медициналық қолданылуынан алынып тасталған магнитті резонанстық томография (МРТ) деген атпен белгілі. Спектрометр МРТ сканері деп аталады. МРТ сканері қондырғыдағы ядроны қоздырғаннан шығып адамның басын толық қоршайтындай үлкен магниттен, магнит өрісінің өзгеруімен сигналдарды қабылдаудан тұрады. (Салыстыру үшін, ЯМР спектрометрінің көлемі химиктерге тек 5 мм шыны түтікті орналастыруға жеткілікті). Əр түрлі ұлпалар əр түрлі сигналдар береді жəне сигналдар пациенттің белгілі бір жеріне қатысты болады. Бұл пациент денесі бейнесінің көлденең қиылысты құрылымын көруге мүмкіндік береді. МРТ бейнені пациенттің орналасу жағдайына қатыссыз анотомиялық ерекшеліктерін байқауға көмектеседі. МРТ сигналдарының көпшілігі су молекуласының сутегі атомынан пайда болады, себебі, ұлпада осы сутегі атомдары басқа органикалық қосылыстардың сутегі атомдарына қарағанда көп болады. Тек айырмашылығы əр түрлі ұлпалардағы байланысқан су басқа мүшелер сигналдарының арасындағы өзгешелікті, сондай-ақ сау жəне зақымданған ұлпа арасында сигналдың өзгеруінде (14.37-сурет). Сондықтан кейде МРТ басқа құралдар беретін бейнелерге қарағанда көп ақпараттар береді. Мысалы, МРТ қан тамырларының нақты бейнелерін береді. Қан сияқты аққыш сұйықтар МРТ сканерінің қоздыруына, стационарлық ұлпаларға қарағанда əр түрлі жауап береді жəне өңдеу дисплейде тек қозғалатын сұйықтарды көрсетеді. Билиарлы ағаш сияқты басқа құрылымдардағы толтырылған сұйықтардың бейнесі ішектегі өттің жүруіне бөгет жасайтын тастарды көруге жəне оларды анықтауға басқа диагностикалық инвазивті əдістерді қолданбауға мүмкіндік жасайды. 14.37-сурет (а) қалыпты күйдегі мидың МРТ-сы. Гипофиз бөлініп көрсетілген (қызғылт түсті) (ə) Мидың осьтік қиылысының МРТ-сы, сұйықпен толтырылған (қызыл) жан-жағы зақымданған ұлпаның ісік ауруы (күлгін)

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==