Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

174 ЖАТТЫҒУДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ Молекулалық формуласы С9Н10О2 болатын ЯМР 13С спектрі келесідей қосылысты анықтаңыздар: Біріншіден идентификацияланатын сигналдарды таңдап алу керек. Мысалы, молекулалық формуладағы екі оттегі атомы мен 166 м.ү. аймағындағы карбонилді көміртегінің сигналы қосылыстың күрделі эфир екендігін көрсетеді. 130 м.ү. аймағындағы төрт сигнал қосылыстың құрамында бір орынбасары бар бензол сақинасының бар екендігін көрсетеді. (Біріншісі орынбасар қосылған көміртегі атомының сигналы, екіншісі көрші екі көміртегі атомының сигналы жəне т.б.) Молекулалық формуладан есептелген бөліктерден (С6Н5 жəне СО2) бөлек С2Н5 тобы қалады. Осылайша біз бұл қосылысты этилбензоат немесе фенилпропанат деп жорамалдаймыз. Метиленді топтың сигналы 60 м.ү. аймағында болатындықтан, біз оны оттегігің жанында орналасқан деп қорытындылаймыз. Сонда бұл қосылыс этилбензоат болуы керек. Енді 40-жаттығуға ауысайық.  40-ЖАТТЫҒУ 14.36-суретте берілген молекулалық формуласы мен ЯМР13С спектрі бойынша қосылысты анықтаңыздар. С11Н22О 14.36-сурет 40-жаттығуға арналған ЯМР13С спектрі этилбензоат фенилпропанат

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==