172 санына пропорционалды болмайды. Осылайша, сигналдарды беретін көміртегі атомдарының санын интегралдау арқылы анықтау мүмкін болмайды. 14.34-суреттегі бутанол-2-нің ЯМР 13С спектрінде əртүрлі ортада болатын төрт көміртегінің төрт сигнал беретіндігі көрсетілген. Сигналдардың өзара тең орналасуы ЯМР 1Н спектріндегідей факторларға байланысты. Көміртегі электроны көп ортада төменгі жиілікті сигналдар шығарады. Ал электрон акцепторлы топтарға жақын орналасқан көміртегі атомдары жоғарғы жиілікті сигналдарды тудырады. Бұл бутанол-2-нің көміртегі атомдарының сигналдары осы көміртегімен байланысқан протондардың ЯМР 1Н спектріндегі сигналдарындай болатындығын білдіреді. Осылайша, электрон акцепторлық бөлінетін ОН тобынан алыс метил тобының көміртегі атомы төменгі жиілікті сигнал береді. Екінші метил тобының көміртегі атомы одан жоғары жиілікте, содан соң метилен тобының көміртегі атомы орналасады. Ал ОН тобымен байланысқан көміртегі жоғары жиілікті сигнал береді. 14.34-сурет Бутанол-2-нің ЯМР 13С спектрі ЯМР 13С спектрінің сигналдары көрші көміртегі атомымен бөлінбейді. Егер спектрометр протондық байланыс режимінде жұмыс жасаса, əрбір сигнал көміртегі атомымен байланысқан сигналды шығаратын сутегіне бөлінеді. Сигналдардың көптігі N+1 ережесі бойынша анықталады. Бутанол-2-нің ЯМР 13С спектріндегі протондық бірігіуі 14.35-суретте көрсетілген. (78 м.ү. аймағындағы триплет ерітіндіден шығады). Метилді көміртегі үш сутегі атомымен қосылғандықтан, оның көміртегі атомдары сигналының əрқайсысы квартетке бөлінген (3+1=4). Метиленді көміртегі атомының сигналы триплетке (2+1=3) жəне ОН тобымен қосылған көміртегінің сигналы дублетке (1+1=2) бөлінген.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==