Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

170 14.33-сурет 37-жаттығуға берілген ИҚ жəне ЯМР 1Н спектрлері 14.24 ЯМР 13С СПЕКТРОСКОПИЯСЫ ЯМР 13С спектріндегі сигналдар бізге қосылыстың құрамындағы көміртегі атомдарының түрлері мен ЯМР 1Н спектріндегі сияқты қосылыстағы сутегі атомдарының түрлері жайлы ақпарат береді. ЯМР 13С спектрінің жұмыс принципі ЯМР 1Н спектріне ұқсас. Бірақ ЯМР 13С спектрін талдауды жеңілдететін кейбір айырмашылықтары бар. ЯМР 13С спектрінің басты артықшылықтарының бірі көміртегі атомдарының химиялық ығысуы 220 м.ү. аралығында болады (14.5-кесте). Ал ЯМР 1Н спектрінің аймағы тек 12 м.ү. дейін орналасады (14.4-кесте). Бұл сигналдардың бір-бірімен қаптасу мүмкіндігі аз дегенді білдіреді. ЯМР 13С спектрінде альдегид (190-200 м.ү.) пен кетонның (205-220 м.ү.) карбонилді топтарын басқа карбонилді топтардан оңай ажыратуға болады. Қарқындылық, %

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==