169 14.32-сурет Жаттығуды орындау үшін берілген ИҚ жəне ЯМР 1Н спектрлері Мұндай жаттығуды орындаудағы ең тиімді жол молекулалық формуласы бойынша ИҚ спектріндегі құрылымдық ерекшеліктерін анықтау. Содан кейін ЯМР 1Н спектрі мəліметтерін пайдалану. Біз қосылыстың молекулалық формуласы мен ИҚ спектрінен оның кетон екендігін көреміз: онда бір оттегі атомынан тұратын ~1680 см-1 аймағында карбонил тобы бар, ал ~2820 см-1 жəне ~2720см-1 аймағында альдегид тобына жауап беретіндей жұтылу жолағы жоқ. Карбонил тобының жұтылу жолағы біршама қысқа толқынды аймақта болады жəне электрондардың делокализациялану нəтижесінде sp2 көміртегіне қосылуынан болатын жартылай жай байланысты көрсетеді. Қосылыстың құрамында бензол сақинасы бар (C-H >3000см-1, ~1600 см-1, 1440 см-1аймағында жұтылу жолағы) жəне онда sp3 көміртегіне қосылған сутегі атомы бар (C-H <3000см-1). ЯМР спектрінде электрон акцепторлы топпен қосылған этил тобын көрсететін триплеп жəне квартет сигналдары бар. 7,4-8,0 м.ү. аралығындағы сигналдар бензол сақинасын көрсетеді. Осы алынған мəліметтер бойынша қосылыс төменде көрсетілгендей кетон болуы мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Оған спектрдегі интегралдардың қатынасы (5:0,2:0,3) дəлел болады. Енді 37-жаттығуға ауысайық. 37-ЖАТТЫҒУ Молекулалық формуласы C8H10O болатын ИҚ жəне ЯМР 1Н спектрлері 14.33-суретте берілген қосылысты анықтаңыздар.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==