16 1943 жылы G пенициллин əскерилер үшін өндіріліп, алғаш рет Сицилия мен Тунистегі əскерлерді емдеуде қолданылған. 1944 жылдан бастап препарат қарапайым халыққа қолжетімді болды. Соғыстың əсері G пенициллиннің құрылымын анықтауға себеп болды. Оның құрылымы анықталғаннан кейін көптеген препараттарды синтездеуге мүмкіндік туды. 1945 жылы Флеминг, Флори жəне Сеть физиология мен медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері атанады. Сеть сондай-ақ пенициллинді бұзатын фермент пенициллиназаны ашқан (11.13-бөлім). Флеминг пенициллиннің ашылуына өз бағасын береді, көгерудің бактерицидтік əсерін он тоғызыншы ғасырда асептикалық хирургиядағы еңбегі үшін белгілі болған ағылшын дəрігері Иосиф Листер (1827-1912) мойындаған. Сэр Александр Флеминг (1881-1955) Шотландияда фермер жанұясында сегіз баланың жетіншісі болып дүниеге келген. 1902 жылы ол өзінің туысқан ағасынан шəкіртақы орнына мирас ретінде Лондон университетінде медицина саласы бойынша білім алуға мүмкіндік алады. Нəтижесінде ол 1928 жылы профессор атанады. 1944 жылы рыцар қатарына қабылданады. Сэр Говард У. Флори (1898-1968) Австралияда дүниеге келген жəне Аделаида Университетінде медицина докторы дəрежесін алады. Ол Англияға Родс стипендиаты ретінде аттанып Оксфорд жəне Кембридж университетттерінде білім алады. 1931 жылы Шеффилд университетінде, кейін 1936 жылы Оксфорд университетінде паталогия профессоры атанады. 1944 жылы рыцар қатарына қабылданады. 1965 жылы сэр болып 1965 жылы Аделаидада Флори бароны атанады. Эрнест Б. Сеть (1906-1979) Германияда дүниеге келіп, Фридрих Вильгемнен Берлин университетінде философия докторы дəрежесін алады. 1933 жылы ол Гитлер өкімет басына келгеннен кейін Германиядан Англияға кетеді. Кембриджде білім алғаннан кейін оны 1935 жылы Флори Оксфордқа шақырады. Ол 1948 жылы Римде институт директоры болады да, 1961 жылы Лондон университетінде профессор болу үшін Англияға қайтып оралады. ДАЛМАТИНДЕР: ТАБИҒАТТЫ ӨЗГЕРТЕ АЛМАЙСЫЗДАР Амин қышқылдары метаболизмге ұшырағанда азоттың артық мөлшері бес амидтік байланысы бар қосылысы несеп қышқылында жинақталады. Ферменттермен катализденетін реакциялар несеп қышқылын аммоний ионына дейін ыдыратады. Несеп қышқылының ыдырау дəрежесі жануарлар түріне байланысты. Құстар, рептилий жəне насекомдар азоттың артық мөлшерін несеп қышқылы түрінде бөледі. Ұсақ қоректілер азоттың артық мөлшерін аллантоин түрінде, ал су жануарлары болса аллатоис қышқылы, мочевина немесе аммоний тұзы түрінде бөледі. несеп қышқылы аллантоин аллатоис мочевина қышқылы құстардан, рептилийден, ұсақ қоректілер теңіз бауырмен шеміршекті балықтар, жорғалаушылары насекомдардан қосмекенділер бөлінеді энзим энзим энзим
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==