Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

167  33-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардың ЯМР 1Н спектрінде сигналдар мен мультиплеттердің санын көрсетіңіздер: а. ICH2CH2CH2Br ə. CІCH2CH2CH2CІ б. ICH2CH2CHBr2  34-ЖАТТЫҒУ 20-жаттығудағы қосылыстар үшін сигналдардың бөліну заңдылығын көрсетіңіздер.  35-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардыңЯМР 1Н спектрлерін бір-бірінен қалай ажыратуға болады?  36-ЖАТТЫҒУ Молекулалық массасы C3H6Br2 болатын төрт қосылыстың ЯМР 1Н спектрлерін қалай ажыратуға болады? 14.23 БАЙЛАНЫСҚАН ПРОТОНДАРДЫҢ БАЙЛАНЫС КОНСТАНТАСЫН АНЫҚТАУ ЯМР спектріндегі көрші екі сигналдың шыңдары арасындағы герцпен өлшенетін арақашықтық байланыс константасы (J) деп аталады. На константасы Нə үшін бөлініп Jаə деп белгіленеді. Байланысқан протондардың сигналдарының (протондардың сигналдарын бір-бірінен бөлу үшін) байланыс константасы бірдей; басқаша айтқанда Jаə= Jəа (14.31сурет). Константа шамасы ЯМР спектрлерін талдауда қолданылады. Себебі, көрші көміртегі атомдарының протондары бірдей байланыс константасымен анықталуы мүмкін. Байланыс константасы 0-15 Гц аралығында болады. Жалпы ЯМР 1Н спектрлерінен мынадай мəліметтерді алуға болады: 1. Сигналдар саны қосылыстардың құрамында болатын əр түрлі протондар санын көрсетеді. А Ə Б оқулық: ЯМР 1Н спектрінің қолданылуы оқулық: ЯМР 1Н спектрінің интерпретациясы

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==