166 14.29-сурет Изопропил бутанаттың ЯМР 1Н спектрі Этилбензолдың құрамында химиялық эквивалентті протондардың бес жиынтығы бар (14.30-сурет). Біз Hа протондары триплеп жəне Нə протондары квартет болады деп есептейміз. (Бұл этил тобын сипаттайтын белгілер). Бензол сақинасының бес протонының барлығы бірдей электрондық ортада болмайды, сондықтан біз олар үш сигнлет болады деп есептейміз: біріншісі Hб протондары үшін, екіншісі Нв протондары үшін жəне үшіншісі Нг протондары үшін. Бірақ біз оның спектрінен үш түрлі сигналдарды көрмейміз. Себебі оның электрондық ортасы үш түрлі жеке сигналдар пайда болатындай əр түрлі емес. 14.30-суреттегі бензол сақинасы протондарының сигналдарына назар аударыңыздар. Бұл аймақта негізінен басқа протондар болмайды, өйткені ЯМР 1Н спектрінің бұл аймағындағы сигналдар қосылыстың құрамындағы ароматты сақинаның болатындығын білдіреді. 14.30-сурет Этилбензолдың ЯМР 1Н спектрі. Нб, Hв,жəне Нг протондары қиылысады. δ (м.ү.) жиілік а б в ə г ə
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==