Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

165 14.22 ЯМР 1Н СПЕКТРІНІҢ БІРНЕШЕ МЫСАЛДАРЫ Қазір біз ЯМР 1Н спектрін талдауға қосымша көмек болу үшін бірнеше спектрлерді қарастырамыз. 1,3-дибромпропанның ЯМР 1Н спектрінде екі сигнал бар (14.28-сурет). Көрші көміртегінің екі сутегінің Hə протондарының сигналы триплетке бөлінеді. Көміртегі жанындағы Hа қосылған протондар басқа протондармен байланысқан. Осы көміртегіндегі протондар екінші көміртегіндегі протондарға эквивалентті. Протондарды бұл екі жиынтығы эквивалентті болғандықтан, N+1 ережесі екі топқа бірдей қолданылады. Басқаша сөзбен айтқанда N екі көміртегі атомындағы эквивалентті протондардың қосындысына тең. Осылайша, Hа протондарының сигналы екі квинтетке бөлінген (4+15). Изопропилді бутанаттың ЯМР 1Н спектрінде бес сигнал көрсетілген (14.29сурет). Hа протондарының сигналы Hб протондарымен триплетке бөлінеді. Hə протондарының сигналы Hг протондарымен дублетке бөлінеді. Hв протондарының сигналы Hб протондарымен триплетке жəне Hг протондарымен септетке бөлінеді. Hб протондарының сигналы Hа жəне Hв протондарының екеуімен бөлінеді. Сондықтан Hа жəнеHв протондары N+1 ережесі бойынша эквивалентті емес. 14.28-сурет 1,3-дибромның ЯМР 1Н спектрі Осылайша Нб протондарының сигналы Нб протондарымен квартетке бөлінеді жəне осы төрт шыңның əрқайсысы Hв протондарымен триплетке бөлінеді: (Na+1)(Nd+1)=(4)(3)=12. Нəтижесінде Нб протондарының сигналы мультиплетке бөлінеді (сигнал триплет, квартет, квинтетке қарағанда күрделі).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==