164 Протон эквивалентті болса сигналдары бөлінбейді. Мысалы, бромметанның ЯМР 1Н спектрінде бір синглет көрсетілген. Метилдің үш протоны химиялық эквивалентті жəне химиялық эквивалентті протондардың сигналдары бір-бірінен бөлінбейді. 1,2-дихлорэтанның төрт протоны химиялық эквиваленті, сондықтан оның ЯМР 1Н спектрінде бір синглет көрсетілген. 32-ЖАТТЫҒУ 14.27-суретте молекулалық массасы C3H5O2Cl болатын екі карбон қышқылының ЯМР 1Н спектрі берілген. Осы карбон қышқылдарын анықтаңыздар. («Ығысу» сөзі сигналдың көрсетілген бағытта оңға ығысуын білдіреді). 14.27-сурет 32-жаттығуға арналған ЯМР 1Н спектрі оқулық: ЯМР 1Н спектріндегі сигналдардың бөлінуі Эквивалентті протондардың сигналдары бірбірінен бөлінбейді
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==