163 14.26-сурет 1,1-дихлорэтанның ЯМР 1Н спектрі. Жиіліктен жоғары сигнал квартет; ал төменгі жиілікті сигнал дублет Бұған керісінше 1,1-дихлорэтандағы метил тобымен көрші көміртегі (14.26сурет) бір протонмен байланысқан. Сондықтан метил тобының протондары дублетке бөлінген (N+1=2 болғандықтан N=2). Аралас көміртегімен қосылған көміртегі атомының жанындағы метинді протон үш эквивалентті протонмен байланысқан, осылайша метинді протон сигналы квартетке бөлінген (N+1=4 болғандықтан N=3). Сигналдағы шыңдар саны көп болса сигнал мультиплет деп аталады. Бөліну өзара тең жүреді: егер а протондар ə протондарына бөлінсе, онда ə протондары а протондарына бөлінеді. А жəне Ə протондарын бұл жағдайда байланысқан протондар деп атайды. Байланысқан протондардың əрқайсысының сигналдары бір-бірінен бөлінеді. Байланысқан протондар көрші көміртегі атомында болады. Бұл сигналдардың көптігін анықтайтын сигналды тудыратын протондар саны еместігін ескеріңіздер; бұл мультиплеттілікті анықтайтын көрші көміртегі атомдарымен тікелей байланысқан протондар саны. Мысалы, келесі қосылыстар протондарының сигналы көрші көміртегінің екі сутегімен байланысқандықтан үш шыңға (триплет) бөлінеді. ə протондарының сигналы квартет түрінде пайда болады. Себебі көміртегімен үш сутегі байланысқан, жəне б протондары синглет түрінде шығады. ЯМР 1Н спектрінің сигналдарының шыңдары N+1 ережесімен бөлінеді, N – көрші көміртегі атомымен байланысқан эквивалентті протондар саны Байланысқан протондар көрші көміртегіне қосылған Байланысқан протондардың сигналдары бір-бірінен бөлінеді
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==