Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

162  31-ЖАТТЫҒУ 14.25-суреттегі ЯМР 1Н спектрі келесі қосылыстардың қайсысына сəйкес келеді? 14.25-сурет 31-жаттығуға арналған ЯМР 1Н спектрі 14.21 СИГНАЛДАРДЫҢ БӨЛІНУІНІҢ N+1 ЕРЕЖЕCІМЕН СИПАТТАЛУЫ 1,1-дихлорэтанның ЯМР 1Н спектріндегі сигналдар формасының (14.26-сурет) 1-бром-2,2-диметилпропан сигналының формасынан (14.24-сурет) өзгешеленетініне назар аударыңыздар. 14.24-суреттегі екі сигнал да синглетті (əр қайсысында бір шыңнан). Бұған керісінше, 1,1-дихлорэтанның метилді протондарының сигналдары (төменгі жиілікті сигнал) екі шыңға (дублет) бөлінген, ал метинді протон сигналы төрт шыңға (квартет) бөлінген. (Дублет пен квартеттің ұлғаюы 14.26-суретте көрсетілген). Протондардың бөлінуі олардың көрші көміртегі атомымен байланысуына негізделген. Сигналдардың бөлінуі N+1 ережесімен сипатталады, мұндағы N – көрші көміртегі атомымен байланысқан эквивалентті протондар саны. Біз «эквивалентті протондар» деп бір-бірімен эквивалентті көрші көміртегімен байланысқан, бірақ сигналды тудырушы протонмен эквивалентті емес протондарды айтамыз. 14.24-суреттегі екі сигнал да синглетті; 1-бром-2,2-диметилпропанның үш метилді тобы сутегімен байланыспаған көміртегімен қосылғандықтан бөлінбеген сигнал береді; метилен тобы да бөлінбеген сигнал береді, себебі ол көміртегімен байланысқан, бірақ сутегімен байланыспаған (N=1+1 болғандықтан N = 0) . А Ə Б В

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==