161 14.24-сурет 1-бром-2,2-диметилпропанның ЯМР 1Н спектріндегі интеграл ауданын талдау Əр сигналдың ауданын интергалдау жолымен анықтауға болады. ЯМР 1Н спектрі интегралды электрондық түрде есептейтін жəне спектрде сызықпен сызып көрсететін компьютермен жабдықталған (14.24-сурет). Əр интегралдық сызықтың биіктігі сигналды беретін протондар санына пропорционал. Мысалы, 14.24суреттегі интегралдау сатылары бізге интегралдардың қатынасының 1,6:7,0=1:4,4 екендігін көрсетеді. Осы қатынасты бүтін сандар шығатындай етіп, дəл бұл жағдайда екіге көбейтеміз. Бұл қосылыстың құрамындағы протондардың қатынасы 2:8,8 екендігін білдіреді, оны бүтіндесек 2:09, яғни тек бүтін сандар ғана болу керек. (Өлшенген интегралдар ауданы эксперименттік қателіктерге байланысты жуық мөлшермен алынады). Заманауи баспа спектрометрлерінің интегралды аудандары 164-суреттегі 14.26суретте көрсетілген. Интеграл бізге сигналдың пайда болуына əкелетін протондардың абсолютті емес салыстырмалы санын көрсетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, интегралдау ауданы 1,1-дихлорэтанды 1,2-дихлор-метилпропаннан ажырата алмайды. Себебі, екі қосылыста 1:3 қатынаста болады. 30-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардың ЯМР 1Н спектріндегі интегралды қалай ажыратуға болады?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==