Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

156 Енді келесі галогеналкандардағы галогенмен тікелей байланысқан метиленді протондардың химиялық ығысуларын салыстырайық. Сигналдың орналасуы галогеннің электр терістілігіне байланысты. Галогеннің электр терістілігі жоғары болса сигналдың жиілігі де жоғары болады. Сонда фтор атомымен байланысқан метиленді протондардың сигналдары (электр терістілігі жоғары галоген) ең жоғары жиілікте орналасса, йод атомымен байланысқан метиленді протондар (электр терістілігі төмен галоген) ең төменгі жиілікте орналасады.  25-ЖАТТЫҒУ а. Келесі қосылыстардағы протондар жинағының қайсысы аз көлеңкеленген? ə . Əр қосылыстағы протондар жинағының қайсысы біршама көлеңкеленген?  26-ЖАТТЫҒУ 14.23-суреттегі спектрлердің бірі 1-хлорпропан, ал екіншісі 1-йодпропанның спектрлері. Қандай спектр қайсы қосылысқа жауап береді?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==