155 22-ЖАТТЫҒУ 300 мГц жиілікті ЯМР спектрометрінде сигнал ТМС сигналына қатысты əлсіз өрісте 600 Гц орналасқан. а. Химиялық ығысу дегеніміз не? ə. прибордың жұмыс жиілігі 100 мГц қандай химиялық ығысу байқалады? 23-ЖАТТЫҒУ Егер екі сигнал 300мГц спектрометрде 1,5 м.ү. өзгешеленсе, 100 мГц приборда қанша мГц өзгешеленеді? 24-ЖАТТЫҒУ (СН3)2Mg сигналы ЯМР 1Н спектрінде ТМС қатысты қалай орналасады? (Көмек: кремниймен салыстырғанда магнийдің электр терістілігі аз). 14.18 ЯМР 1H СИГНАЛДАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ОРНАЛАСУЫ 14.22-суреттегі 1-бром-2,2-диметилпропанның ЯМР 1H спектрінде екі түрлі протондар болғандықтан екі сигнал бар. Метилен протоны электр терістілігі жоғары бромға жақын орналасқан, сондықтан метиленді протондар метилді протондарға қарағанда электрондық ортаға тапшы. Метилен протондарының электрондық ортасы аз болғандықтан, олар сыртқы магнит өрісінен аз қорғалған. Бұл протондардың сигналдары біршама көлеңкеленген метилді протондарға қарағанда жоғары жиілікте орналасады. Протондар электроны көп ортада болғандықтан (біршама көлеңкеленген) сигналдар ЯМР спектірінің бірінші бөлігінің төменгі жиілікті аймағында болатынын естен шығармаңыздар. Ал спектрдің сол жағының сигналдары протондар электроны аз ортада болатындықтан (аз көлеңкеленген) жоғары жиілікті аймақта көрсетілген (14.21-сурет). Біз 1-нитропропанның құрамында протондардың үш түрі болғандықтан ЯМР 1Н спектрінде үш сигнал бар деп есептейміз. Протон электрон акцепторлы нитро топқа жақын болған сайын олар сыртқы өрістен аз қорғалған. Сондықтан сигналдар көрінетін жиілік те жоғары болады. Осылайша, нитро топқа жақын орналасқан протондар жоғары жиілікте (4,37 м.ү.) орналасады, ал нитро топтан алыс орналасқан сигналдар төменгі жиілікте (1,04 м.ү.) орналасады. Химиялық ығысу спектрометрдің жұмыс жиілігіне тəуелді емес Электроны аз ортадағы протондар жоғары жиілікті сигналдар көрсетеді Электронның енуінен ЯМР спектріндегі сигналдар біршама жоғары жиілікте пайда болады (δ үлкен мəнінде)
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==