Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

154 14.22-суреттегі 1-бром-2,2-диметилпропанның ЯМР 1H спектрінде метилді протондардың химиялық ығысуы 1,05 м.ү. жəне метиленді протондардың химиялық ығысуы 3,28 м.ү. орналасқан. Төменгі жиілікті (көлеңкеленген күшті өріс) сигналдар δ аз мəнді, ал жоғарғы жиілікті сигналдар δ жоғарғы мəнді болатындығына назар аударыңыздар. 14.22-сурет 1-бром-2,2-диметилпропанның ЯМР1H спектрі. ТМС сигналы химиялық ығысу өлшенетін эталон сигналы; оның орны шкалада нөл деп белгіленеді Шкаланың артықшылығы берілген ядроның химиялық ығысуы (δ) ЯМР спектрометрінің жұмыс жиілігіне тəуелсіз. Осылайша, 1-бром-2,2- диметилпропанның метилді протондарының химиялық ығысуы 60 жəне 360 мГц жиілікті аспаптың екеуінде де 1,05 м.ү. аймағында болады. Келесі диаграмма сіздерге ЯМР спектроскопиясына байланысты шарттарды қадағалауға көмектеседі: электронмен көп қоршалған протондар көлеңкеленбеген протондар төменгі өріс жоғары жиілік δ үлкен мəні электронмен аз қоршалған протондар көлеңкеленбеген протондар жоғары өріс төменгі жиілік δ аз мəні Химиялық ығысу мəні (δ ) үлкен болған сайын, жиілігі де жоғарғы мəнді болады δ жиілік

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==