153 СН3OСН2OСН3СН3OСН3 А Ə Б 14.17 ХИМИЯЛЫҚ ЫҒЫСУ СТАНДАРТТЫ БАСТАПҚЫ СИГНАЛДАН БАСҚА СИГНАЛДАРДЫҢ АЛЫСТЫҒЫН КӨРСЕТЕДІ ЯМР спектрін түсіру үшін пробиркадағы қосылысқа инертті эталонды қосылыстың аз мөлшерін қосады. ЯМР спектріндегі сигналдардың орны эталонды қосылыстың сигналдарынан қаншалықты алыс орналасқандығымен анықталады. Жиі қолданылатын эталонды қосылыс тетраметилсилан (ТМС). Кремнийдің көміртегімен салыстырғанда электр терістілігі аз болса да (электр терістілігі 1,8 жəне 2,5 сəйкесінше) ТМС метил протондары басқа органикалық қосылыстарға қарағанда электрондық ортаға бай. Сондықтан ТМС метилді протондарының сигналы басқа сигналдарға қарағанда біршама төменгі жиілікте болады (яғни, басқа сигналдардың оң жағында). ЯМР спектріндегі сигнал пайда болатын орын химиялық ығысу деп аталады. Химиялық ығысу эталон ТМС сигналынан басталатын ара қашықтықтың өлшемі. Химиялық ығысудың өлшем бірлігі δ (дельта) масштабы. Химиялық ығысу герцпен өлшенетін ТМС шыңымен арасындағы арақашықтықты өлшеу жолымен жəне аспаптың мегагерцтегі жұмысшы жиілігіне бөлінуімен анықталады. Гц/мГц бірлікте болғандықтан химиялық ығысу жұмысшы жиіліктің миллионнан бір бөлігіне (промилл) тең: δ=Химиялық ығысу (м.ү.)= ТМС-мен арақашықтық (Гц) спектрометрдің жұмысшы жиілігі (мГц) Потондардың химиялық ығысулары көбінесе 0-10 миллион бірлік аралығында болады. Тетраметилсилан (ТМС) 3-D молекула: тетраметилсилан
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==