151 14.16 ЯМР 1H-СПЕКТРІНДЕГІ СИГНАЛДАР САНЫ Бірдей ортадағы протондар химиялық эквивалентті протондар деп аталады. Мысалы, 1-бромпропанда химиялық эквивалентті əртүрлі үш жиынтығы бар: (1) С-С байланыс бойымен айналу нəтижесінде метилдің үш протоны химиялық эквивалентті; (2) ортаңғы көміртегіндегі екі метилен протондары химиялық эквивалентті; (3) бром атомымен байланысқан көміртегіндегі екі протон протондардың үшінші химиялық эквивалентті жиынтығын құрайды. Қосылыстың құрамындағы əр химиялық эквивалентті протондар жиынтығынан осы қосылыстың ЯМР 1H спектріндегі сигналы пайда болады. 1-бромпропанда химиялық эквивалентті протондардың үш жиынтығы болғандықтан ЯМР 1H спектрінде оның үш сигналы болады. 2-бромпропанда химиялық эквивалентті протондардың екі жиынтығы бар, сондықтан ЯМР 1H спектрінде оның екі сигналы болады; 2-бромпропандағы метил тобының алты протоны өзара эквиваленті, сондықтан олар тек бір ғана сигнал береді. Орталық көміртегімен байланысқан сутегі екінші сигналды береді. Этил метил эфирі химиялық эквивалентті протондардың үш жиынтығын береді: оттегі атомымен байланысқан көміртегінің жанындағы метил тобының протондары; оттегі атомымен байланысқан көміртегінің жанындағы метилен тобының (СН2) протондары жəне оттегі атомымен байланысқан бір көміртегінің жанындағы метил тобының протондары. Келесі қосылыстағы химиялық эквивалентті протондарды əріптермен көрсетуге болады: ə а ə б а ə а а б ə а а үш сигнал үш сигнал екі сигнал екі сигнал бір сигнал *Протон жəне сутегі терминдері ЯМР спектроскопиясында қарастырылатын ковалентті байланысқан сутегі атомдарын сипаттауда қолданылады
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==