150 айтқанда сутегінің барлық атомдарының қозғалысы магнит өрісінде бірдей болмайды. Көлеңкелеу қалай пайда болады? Магнит өрісінде электрондар ядроны айналып локальді магнит өрісін тудырады. Эффективті магнит өрісі ядроны қоршаған электрондық ортадан берілген өрістен алынған магнит өрісінің мөлшері: Bэффективті = Всыртқы – Влокалды Бұл протон* болатын ортаның электрондық тығыздығы көп болса Влокалды да көп жəне протон берілген өрістен қорғалған болады дегенді білдіреді. Осылайша, протон электронға бай ортада эффективті магнит өрісін аз сезінеді. Олар осылайша резонансқа ену үшін біршама аз жиілікті қажет етеді, яғни олардың спиндерін ауыстыруы аз болады (14.20-сурет). Ал электроны аз ортадағы протондар эффективті магнит өрісін көп сезінеді. ЯМР спектрі басқа ортадағы əр протон үшін сигнал береді. Электроны көп ортадағы протондар сыртқы өріс əсерінен біршама қорғалған жəне біршама төменгі жиіліктерде (спектрдің оң жағында) пайда болады (14.21-сурет). Электроны аз ортадағы протондар сыртқы өріс əсерінен аз қорғалған жəне біршама жоғарғы жиіліктерде (спектрдің оң жағында) пайда болады (14.21-сурет). Мысалы, СН3F метилдік протондары CH3Br метилдік протондарымен салыстырғанда біршама жоғарғы жиілікте байқалады, себебі, фтор броммен салыстырғанда біршама электронакцепторлы атом. Осылайша СН3F протондары электроны аз ортада болады. Күшті жəне əлсіз өріс терминдері сигналдың орнын сипаттау үшін қолданылады: күшті өріс дегеніміз спектрдің оң жағынан алыс, ал əлсіз өріс спектрдің сол жағынан алыс жақ дегенді білдіреді. 14.21-сурет Көлеңкеленген ядро көлеңкеленбеген ядромен салыстырғанда біршама төменгі жиілікті резонансқа өтеді. Магнит өрісінде протон көп болса, сигналдың жиілігі де жоғары болады көлеңкеленбеген= аз көлеңкеленген
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==