Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

149 жəне β-спиндік күйлердің арасындағы ядролардың алға жəне артқа таралуын білдіреді. Қазіргі кездегі ЯМР спектрометрлері 60-950 МГц арасындағы жиілікте жұмыс жасайды. Прибордың жұмыс жиілігі жоғары болған сайын магнит өрісі де күшті болады, нəтижесінде ЯМР спектрі жақсы жазылады. Никола Тесла (1856-1943) Никола Тесла Хорватияда дүниеге келген, шіркеу қызметкерінің баласы. Ол 1884 жылы Құрама Штаттарға өтіп, 1891 жылы оның азаматтығын алады. Ол электр энергиясының таралуы үшін ауыспалы токты мақұлдаушы болды жəне тұрақты токты жақтаушы Томас Эдисонға қарсы шығушылардың бірі. Тесла 1900 жылы ойлап тапқан радиосы үшін патент алмаған. Бірақ радио үшін Гульельмо Маркониге 1904 жылы патент беріледі. Тесла қайтыс болғаннан кейін де оның патенті АҚШ жоғарғы сотында қарастырылуда болады. Тесла сондай-ақ неон мен люминесцентті жарықты, электрондық микроскопты, мұздатқыш двигателін жəне Тесла катушкасын, ауыспалы ток кернеуінің өзгерісіне арналған трансформатор түрін ойлап тапқан. Никола Тесла өзінің зертханасында 14.15 КӨЛЕҢКЕЛЕУ ƏР ТҮРЛІ СУТЕГІ АТОМДАРЫНЫҢ ТҮРЛІ ЖИІЛІКТЕГІ СИГНАЛДАРДЫ КӨРСЕТУІНІҢ СЕБЕБІ ЯМР сигналдарының жиіліктері зерттелетін ядро енгізілген магнит өрісінің күшіне тəуелді (14.20-сурет). Осылайша, егер органикалық қосылыстар құрамындағы барлық сутегі атомдарын магнит өрісіне енгізсе, олардың барлығы сондай жиіліктегі сигналдарды береді. Егер бұл осылай болса, барлық ЯМР спектрлері бір ғана сигналдан тұруы керек жəне бұл қосылыстың құрылысы жайлы олардың бəрінде сутегі атомы бар дегеннен басқа ешқандай мəлімет бермейді. Бірақ ядро электрон бұлттарына еніп магнит өрісін жартылай көлеңкелейді. Көлеңкелеу молекуладағы əр түрлі атомдар үшін өзгеріп отырады. Басқаша сөзбен

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==