Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

14 11.4 ТАБИҒАТТА КЕЗДЕСЕТІН КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ МЕН КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ Галогенангидридтердің реакциялық қабілеттіліктері, амидтермен салыстырғанда реакцияға біршама қабілетті болатын карбон қышқылдары мен күрделі эфирлердің реакциялық қабілеттіліктерінен жоғары. Біз реакциялық қабілеттілігінің арасындағы айырмашылықты 11.6-бөлімнен көреміз. Реакциялық қабілеттілігі жоғары болғандықтан галогенангидридтер табиғатта кездеспейді. Екіншіден, карбон қышқылдарының реакциялық қабілеттілігі төмен болғандықтан табиғатта кеңінен таралған. Мысалы, глюкоза пирожүзім қышқылына дейін ыдырайды (18.4-бөлім). (S) - (+)- сүт қышқылы анаэробты жаттығу кезінде дененің қызуына жауап беретін қосылыс. Сондай-ақ ол қышқыл сүтте де кездеседі. Шпинат жəне басқа да жапырақты жасыл көкөністерде қымыз қышқылы көп болады. Янтарь жəне лимон қышқылдары биологиялық жүйелердегі көмірсулар, май қышқылдары жəне амин қышқылдарының СО2 дейін реакция сериялары жүретін лимон қышқылының цикліндегі маңызды аралық өнім (18.7-бөлім). Цитрус жемістері лимон қышқылына бай; əсіресе лимонда көп, грейпфрутта аз мөлшерде, ал апельсинде одан да аз мөлшерде кездеседі. пирожүзім (S)-(+)-сүт қымыз янтарь лимон қышқылы қышқылы қышқылы қышқылы қышқылы (S) - (-) – алма қышқылы піспеген алма мен алмұрттың қышқыл дəмін береді. Бұл жемістер піскен кезде алма қышқылының мөлшері азайып, қанттың мөлшері артады. Алма қышқылы мен қант деңгейінің арасындағы кері байланыс өсімдіктердің таралуында маңызды: алма қышқылы жануарлардың жемісті піспегенше жемеуін қамтамасыз етеді. Бұл уақытта оның тұқымы шашырағанда өніп өсуі үшін жеткілікті дəрежеде пісіп жетіледі. Простагландиндер қабынуды, қан қысымын, ауыруды, безгекті реттейтін əр түрлі физиологиялық қызмет атқаратын гормондарға əсер етеді (11.9-бөлім). (S)-(-)-алма қышқылы простагландин А2 простагландин F2α

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==