Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

148 14.19-сурет Сыртқы магнит өрісі болмаған кезде ядро спиндерімен байланысқан магнит моменттері ретсіз бағытталады. Ядролық магнит моменттерін магнит полюстерінің ортасына қойғанда өріс бағытымен бағытталады. 14.20-сурет Магниттік өріс күші көп болса, α жəне β-спиндік күйлердің энергияларының арасындағы айырмашылық та үлкен болады Заттың үлгісі импульстік сəулеленуге ұшырағандағы энергия α жəне β-спиндік күйлердің энергияларының арасындағы айырмашылыққа (∆Е) сəйкес болса, αспиндік күйдегі ядро β-спиндік күйге дейін өзгереді. Ядро энергияны сіңірген кезде олардың жиіліктері α жəне β-спиндік күйлердің арасындағы энергия айырмашылықтарына тəуелді болатындай өздерінің спиндерінен сигнал шығатындай өзгертеді. ЯМР спектрометр осы сигналдарды анықтап оларды сигнал жиіліктерінің қарқындылығына тəуелді қисық түрінде береді. Бұл аралық ЯМР спектрі деп аталады. Сəулеленген резонанстағы ядроға байланысты ядролық магниттік резонанс (ЯМР) термині шыққан. «Резонанс» сөзі сəулеленуге жауап ретінде α

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==