Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

147  18-ЖА ТТЫҒУ ИҚ спектрі бойынша келесі қосылыстарды қалай ажыратуға болады? а. кетон жəне альдегид б. циклогексен жəне циклогексан ə. бензол жəне толуол в. Біріншілік амин жəне үшіншілік амин  19-ЖАТТЫҒУ Келесі əр қосылыстар жұбы үшін оларды ажырататындай жұтылу жолақтарын көрсетіңіздер: а. ə. б. г. 14.14 ЯМР СПЕКТРОСКОПИЯСЫНА КІРІСПЕ 1Н немесе 13С ядроларының спиндері магнитті өріске түскенде кішірек магнит өрісіндегідей таралады. Сыртқы магнит өрісі болмаған кезде ядро спиндерімен байланысқан магнит моменттері ретсіз бағытталады. Бірақта ядролық магнит моменттерін магнит полюстерінің ортасына қойғанда (14.19-сурет), ядролық магнит моменттері өріс бағытымен реттеледі немесе магнит өрісіне қарама-қарсы бағытта орналасады. Магнит өрісімен сəйкес келетін α-магнит моменттері біршама төменгі энергиядағы спиндік күйде болады, ал магнит өрісіне қарсы бағыттағы β-магнит моменттері энергиясы жоғарғы спиндік күйде болады. Себебі, өріске қарсы бағытталған магнит моменттерінің өріс бағытымен реттелуі үшін көп энергия қажет. Жəне ядро β-спиндік күйге қарағанда α-спиндік күйде көп болады. Олардың арасындағы айырмашылық өте аз (1000000 ядроның 20-сы), бірақ ЯМРспектроскопиясының негізін құрастыру үшін жеткілікті. α-спиндік күй мен β-спиндік күйлердің энергияларының арасындағы айырмашылық (∆Е) магнит өрісіндегі таралу кернеулігіне тəуелді (Во), тесла шамасымен өлшенеді. Магнит өрісінің күші көп болған сайын спиндік күйлер арасындағы айырмашылық көп болады (14.20-сурет). фильм: Гриньяр реактивінің кетондармен реакциясы жəне жəне жəне жəне Жердің магниттік өрісі 5 х 10-5 Т экваторда өлшенеді. Оның максималды беті 7 х 10-5 Т оңтүстік магнит өрісінде өлшенген

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==