146 1-қосылыс. 14.17-суреттегі 3000 см-1 аймағындағы жұтылу сутегі атомының sp3 көміртегімен емес sp2көміртегімен байланысқаны 3050 см-1 көрсетілген. 1600 см-1 жəне 1460 см-1 аймағындағы жұтылу жолағы бензол сақинасының бар екендігін көрсетеді. 2810 см-1 жəне 2730 см-1 аймағындағы жұтылу жолағы қосылыстың альдегид екендігін көрсетеді. Карбонилді топтың (C=O) жұтылу жолағы қалыпты С-О байланысымен салыстырғанда төменгі аймақта жұтылады. Сондықтан карбонил тобында жай байланыстың да сипаты бар. Осылайша, ол тікелей бензол сақинасымен байланысқан. Бұл қосылыс бензальдегид болады. 14.17-сурет Бірінші қосылыстың ИҚ спектрі 2-қосылыс. 14.18-суреттегі 3000 см-1 аймағындағы жұтылу сутегі атомының sp2 көміртегімен емес sp3 көміртегімен байланысқаны (2950 см-1) көрсетілген. 1600 см-1 жəне 1460 см-1 аймағындағы жұтылу жолағы бензол сақинасының бар екендігін көрсетеді. 3300 см-1 аймағындағы күшті жұтылу жолағы қосылыстың құрамында ОН тобының бар екендігін екендігін көрсетеді. Ал ~2100 см-1 аймағындағы жұтылу жолағы үш байланысты көрсетеді. 3300 см-1 аймағындағы сүйір жұтылу жолағы қосылыстың құрамында sp көміртегімен байланысқан сутегі атомын көрсетеді. Сондықтан біз қосылыстың терминалды алкин (үш байланыс тізбектің шетінде) екендігін білеміз. Яғни бұл қосылыс – пропин-2-ол-1. 14.18-сурет Изопентиламиннің ИҚ спектрі. 3300 см-1 аймағында екі жұтылу жолағы екі N-H тобының бар екендігін көрсетеді. Қарқындылығы, % Қарқындылығы, %
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==