Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

145 14.12 ЖҰТЫЛУ ЖОЛАҒЫНЫҢ БОЛМАУЫ ИҚ спектріндегі жұтылу жолағының бар болуы сияқты жұтылу жолағының болмауы да маңызды. Мысалы, 14.16-суретте көрсетілген ИҚ-спектріндегі ~1100 см-1 аймағындағы күшті жұтылу жолағы С-О байланысының бар екендігін көрсетеді (14.16-кесте). Бұл қосылыс спирттерге жатпайды, себебі ~3100 см-1 ұзын толқынды аймақта жұтылу жолағы жоқ. Сондай-ақ ~1700 см-1 аймағында жұтылу жолағы болмағандықтан, бұл қосылыс күрделі эфирлерге немесе басқа да карбонилді қосылыстарға да жатпайды. Қосылыстың құрамында C≡C, C=C, C≡N, C=N жəне C-N байланыстары да жоқ. Біз бұдан берілген қосылыс жай эфир деп қорытынды жасаймыз. Оның жұтылу жолағы sp3көміртегі атомымен байланысқан арасындағы С-Н байланысты ғана көрсетеді. Яғни қосылыс диэтил эфирі болады.  17-ЖАТТЫҒУ а. Құрамында оттегі атомы бар қосылыстың ~1700 см-1, ~3300 см-1, ~2700 см-1 жəне ~1100 см-1 аймақтарында жұтылу жолағы бар. Бұл қосылыс қандай класқа жатады? ə. Азотты қосылыста ~3400 см-1 ~1700 см-1 жəне ~1600 см-1 аймағында жұтылу жолағы жоқ. Бұл қандай қосылыс болуы мүмкін? 14.16-сурет Дифенил эфирінің ИҚ-спектрі 14.13 ИНФРАҚЫЗЫЛ СПЕКТРЛЕРІН ТАЛДАУ Енді біз бірнеше ИҚ-спектрлерін қарастырып, спектрлердің қорытындылары бойынша қосылыстардың құрылысын анықтаймыз. Біз қосылыстардың құрылысын бірден анықтай алмаймыз, ал егер бізге оның құрылысы жайлы айтса, онда оның құрылысын көз алдымызға елестете аламыз. оқулық: ИҚ спектрі Қарқындылығы, %

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==