Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

143 14.12-сурет Пентанальдің ИҚ спектрі. Альдегид тобы ~2800 см-1 жəне ~2720 см-1толқын ұзындығында жұтылады. С=О байланысы ~1720 см-1 аймағында жұтылады. 14.11 ЖҰТЫЛУ ЖОЛАҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ИҚ спектрі қосылыстардың құрылысын анықтаудағы маңызды ақпарат болып табылады. Мысалы, О-Н жəне N-H байланыстарының деформациялық тербелістері 3100 см-1 жоғарғы толқын ұзындығында жұтылады, бірақ олардың жұтылу жолақтары əр түрлі болады. Гексанол-1-дің (14.13-сурет), пентан қышқылының (14.14-сурет) жəне изопентиламиннің (14.15-сурет) ИҚ спектрлеріндегі осы жұтылу жолақтарының əртүрлілігіне назар аударыңыздар. N-H байланысының жұтылу жолағы (~3100 см-1) О-Н байланысының жұтылу жолағымен (~3100 см-1) салыстырғанда жіңішке, əрі қарқынды келеді. Ал карбон қышқылының О-Н тобының жұтылу жолағы (~3300-2500 см-1) спирттің О-Н тобының жұтылу жолағына (~3300-2500 см1) қарағанда кең болады. 14.15-суреттегі N-H байланысының жұтылу жолағының екеу болатындығына назар аударыңыздар, себебі берілген қосылыстың құрамында екі N-H байланысы бар. 14.13-сурет Гексанол-1-дің ИҚ спектрі Қарқындылығы, % Қарқындылығы, %

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==