142 Спектрді талдаудағы пайдалы жағы бұл жұтылу жолақтары 3100 см-1 аймағында байқалады. 14.10 жəне 14.11-суреттердегі метилциклогексан мен циклогексанның ИҚ спектрлеріндегі сандар сəйкес келеді. 14.10-суреттегі жұтылу жолағының бұл мəні сəл оңға 3000 см-1 ығысқан. Бұл қосылыстың құрамында сутегі атомы sp2немесе sp көміртегі атомымен емес sp3 көміртегі атомымен байланысқан дегенді білдіреді. Ал 14.11-суреттегі жұтылу жолақтарының сəл солға жəне сəл оңға қарай ығысуы қосылыстың құрамында sp2 немесе sp3 көміртегімен байланысқан сутегі атомының бар екендігін көрсетеді. 14.10-сурет Метилциклогексанның ИҚ спектрі 14.11-сурет Циклогексанның ИҚ спектрі Альдегид тобындағы С-Н байланысының екі жұтылу жолағы бар: ~2800 см-1 жəне ~2720 см-1 (14.12-сурет). Бұл альдегид тобын анықтауды жеңілдетеді себебі, бұл толқын ұзындығында басқа топтар жұтылмайды. Қарқындылығы, % Қарқындылығы, %
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==