Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

141 14.9 ЖҰТЫЛУ ЖОЛАҚТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ Жұтылу жолақтарының қарқындылығы байланыс полюстілігіне байланысты: байланыс неғұрлым полюсті болса жұтылу қарқындылығы жоғары болады. О-Н байланысының жұтылу жолағы N-H байланысымен салыстырғанда біршама қарқынды болады, себебі О-Н байланысы біршама полюсті.  15-ЖАТТЫҒУ С=О немесе С-С байланыстарының қайсысының қарқындылығы жоғары? 14.10 С-Н БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ЖҰТЫЛУ ЖОЛАҚТАРЫ С-Н байланысының беріктігі көміртегінің гибридтенуіне тəуелді: С-Н байланысы көміртегі sp гибридтелсе күшті болады. Ал көміртегі sp2 гибридтелген көміртегі sp3гибридтелген көміртегімен салыстырғанда күшті болады. С-Н берік байланысты үзу үшін көп энергия қажет жəне бұл sp2 гибридтелген көміртегі ~3100 см-1 жəне sp3гибридтелген көміртегімен ~2900 см-1 салыстырғанда sp гибридтелген көміртегіндегі ~3300 см-1 деформациялық байланыстарда көрсетілген (14.3-бөлім). 14.3-кесте. ИҚ спектріндегі көміртегі-сутегі байланысының жұтылуы Көміртегі-сутегі Деформациялық тербелістері Толқын жиілігі (см-1) салыстырмалы байланыс полюстілігі ИҚ спектріндегі салыстырмалы қарқындылық полюстілігі артады қарқындылығы артады Байланыс полюсті болған сайын жұтылу жолағы да соғұрлым қарқынды болады жəне

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==